Апта басында өңірдің  ардагерлері арасында бильярдтан жарыс өткізілді. Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға аға буын өкілдері қатысып, сайысқа түсті. Жалпы ардагерлер арасында түрлі спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ауданның ардагерлері әрқашан да белсенділік танытып, жастарға үлгі болып келеді.

Жарыс барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Есполов жарыстың шарттарымен таныстырып, қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

Аталған спорт сайысында ардагерлер сайыс басталған сәттен дәлдік пен ептіліктерін көрсетіп, жақсы ойын өрнегімен жарыс көрігін қыздыра түсті.

Жас буынға үлгі өнеге болып, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарыс қорытындысы бойынша 1️ — орынды С.Ағайсенов;  2️ -орынды Т. Қасенов; 3-орынды Т. Шалжиен; 4️ — орынды  К. Тастағанов иеленді.

Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған   арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Кәусар Арықханқызы.