Жарма ауданында әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Дүйсенбі күні аудандық мәдениет үйінде Респбулика күніне орай  «Әскер -әліміз, Армия -абыройымыз  атты патриоттық акциясы аясында әскерге шақырушыларды Қарулы Күштер қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Отан алдындағы әскери борышын абыройлы өтеуге ауданнан  20-ға жуық жас аттанды.

Салтанатты шарада Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Мұрат Саябаев құттықтау лебіздерін білдіріп, әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан азаматтарға игі тілектерін білдірді. Қорғаныс  бөлімінің басшысы жас сарбаздарға естелік сыыйлық тарту етіп, ауданның абыройын асқақ ететін азамат болуға тілектес екенін жеткізді.  Сондай-ақ, ауған соғысының ардагері Нұрлан Траиспаев және ата-аналар атынан Надежда Колесникова, 47007 әскери бөлімінің мерзімді қызметшісі Әнуар Шарқабаев,  Жамбыл облысы 03811 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп келген Нұрлан Советов  сөз сөйлеп, жас ұландарға сәттілік тіледі.

Салтанатты шара аяқталған соң, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары  жас сарбаздардың жігерін жанып, патриоттық сезімін оятатын әсем әндерін әуелетті.