Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысына Төлеубекұлы Сержан тағайындалды. Аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Төлеубекұлы Сержан 1991 жылы Қалбатау ауылында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық универнситетінің түлегі. 2013 жылдан бастап Жарма ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде, «Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Суықбұлақ кенті әкімі аппараты» ММ, «Жарма-Су» коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының сатып алу маманы болып еңбек еткен.
2024 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін «Абай облысы Жарма ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде іс-қағаздар жүргізу бойынша инспекторы қызметін атқарған.