АДАЛ ЕҢБЕК — АРДЫҢ ІСІ

Өмірді қалай сүру әркімнің өз еркін дегі іс пе, әлде кездескен қиындықтар мен қуаныштарда жасымай, тасымай өту арқылы өрнектелетін жол ма? Жау ап та әрқалай. Бірақ сынағы көп сүрле уде салғырттыққа бой бермей, ғұмырын жұмысқа арнаған еңбек адамдарының бүгінгі пайым-парасаты жастарға үлгі өнеге боларлықтай-ақ. Жастық шақта рын жұмысқа арнап, «қартайғанда бейнеттің — зейнетін бер» деп отырған Өтекешова Меңсұлу апаның жүзінен қарапайым қалпынан танбаған ең бекқорлығы аңғарылып тұр. Шар қаласының іргесіндегі Са рыарқа елді мекенінде тұратын Меңсұлу ана 40 жылдай сауыншы, ветеринари ялық аптекарь болып еңбек етіп, бүгін де зейнеткерлік демалысқа шыққан. 1952 жылы Қалбатау ауылында туған, балалық шағы кезіндегі Шар совхозына қарасты Қызылжидек ауылында өткен. Шар қаласынан мек теп бітіреді.- Ол кезде Кеңес дәуірінің тәртібі солай ма, жұмыссыз отыру деген бол майтын еді. Картоп, капуста салу, астық тарту деген сияқты жұмыстың бәрін істедік. Жұмысқа әбден етіміз үй ренген, қазір де әдет болып кеткен ғой. Отырмаймын, балаларға, немерелерге тағам әзірлеу, қолым қалт етсе нан жабу менің сүйікті ісім,- дейді Меңсұлу ана. 1970 жылы Шар қаласы Қараш ауылының тумасы Өтекешов Мәдетқа зы Садықұлына тұрмысқа шығады. Ол кісі де 45 жыл мал шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнеткерлік ке шыққаннан кейін де жеке шару ашылығын ұршықтай үйіреді. 2023 жылы өмірден озған. Талмай еткен ең бектің жемісіне кенелген ұлдары мен немерелері шаруашылық жұмысын жалғастырып отырғанын Меңсұлу апа айтып өтті.

– Адамды адам қылатын – еңбек. Осы уақытқа дейін адал еңбекпен, маңдай термен келген несібемен ғұ мыр кештік. Жағдайымыз жақсы бол ды. Жастайымыздан қимылдап үйреніп қалғандықтан қазір де құр отырғым келмейді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегеніндей, ерінбей қолын қимылдатқан жанның несібесі де мол болары анық,-дейді өмірін ең бекпен өрген әзиз ана. Қарапайым ғана болмысымен, қо нақжайлылық пен адамгершілік игі қасиетті санасына сіңірген Меңсұлудай еңбекқор ананың кең пейіліндей мол дастарханы бүгінгі қазынамыз -қарт адамдар екенін тағы бір қырынан таны та түскендей. Олар біздің болашағымы зға арқа сүйеп барар қасиетті тірегіміз екені сөзсіз. Әр шаңырақтың құты, қазыналары аман болсын!