«Өлеңнің ұлы дариясы» атты республикалық ақындар айтысы

Жарма ауданы Қалбатау ауылында «Қазақстан халық жазушысы», халық ақыны Төлеу Көбдіковтің 150 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңнің ұлы дариясы» атты Республикалық ақындар айтысы өтті. Аламан айтысты елімізге белгілі айтыскер ақын, Аманжол Әлтаев тізгіндеді. Дүбірлі додада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы баға берді.
Өнер бәсекесінде алыс – жақын аймақтан келген 12 ақын бақ сынады.
Бірінен бірі өткен сөз барымтасында бас жүлдені әр айтысы бір жаңалық, атамұра өнеріміздің оза шапқан жүйрігі Қарағанды облысының тумасы Дидар Қами иеленді.