Қалбатау ауылындағы темірден түйін түйетін шебер

Қалбатау ауылында Масалимов Советбек Ясымбекұлын танымайтын адам кемде кем шығар. Өйткені 30 жылға жуық ауданда дәнекерлеуші болған, өз маманының шебері, темірден түйін түйген ұстаның майталман маман екенін көбі жақсы біледі. «Бастысы -іске деген аддалдық» деген ұстаныммен жүретін кәсіп иесі  Қалбатау сорғы зауытында  селесарь болып жұмыс істейді. Оған дейін 20 жылдан астам уақыт осы мекемеде дәнекерлеуші болған Советбек Ясымбекұлы денсаулыққа зияндылығы жоғары еңбек жағдайында жұмыс істегендіктен 55 жасқа толған соң, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап селесарь мамандығына ауысқан. Білікті маманның  бұл кәсібінде  денсаулығына кері әсерін кедергіге санамайтын жаны жұмыстан шынайы рахат табатынын әңгімесінен аңғарасыз.

-Кез келген жұмысты жақсы меңгеру үшін адамда төзімділік пен ептіліктің болғаны қажет екені талассыз. Кәсіпке деген адалдықты да алдыңғы орынға қоямын, жұмыстан кейін бос уақытым болса ауылдастарымның көбінің жылу құбырын, ауласының қақпасын, сантехникалық жұмыстарын орайы келсе жасап беремін. Табысы да қанағат тұтарлықтай, -дейді.

Советбек Ясынбекұлы 1969 жылы Жіңішке ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң, Семей қаласындағы қазіргі Электротехникалық колледжді 1992 жылдары бітіреді. Алғаш еңбек жолын сантехник маманы ретінде бастап, дәнекерлеушіліктің қыр сырын терең меңгереді. 2004 жылдан бастап тарихы тереңде жатқан «Қалбатау сорғы зауытында» мамандығын шыңдайды. Жары Масалимов Гүлназ Серікқазықызы екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, немересі Рамазанның қызық-қуанышын тамашалап отырған үлгілі жанұяның бірі.

Әке жолын қуып, дәнекерлеу ісіне қызығушылығы артып жүрген тұңғышы Жәнібек те бұл жұмысты жақсы меңгерген.

-Ол жоғары оқу орнын бітірген, дипломы да бар. Бірақ дәнекерлеу жұмыстарын жақсы көреді.  Жастар кейде үйренгісі келіп, қызықтап жатады. Десе де көбі шыдамайды, бұл жұмыс төзімділік пен мұқият болуды талап етеді. Ең бастысы тиянақтылықпен, ыждақаттылықпен үйрене отырып, кәсіпті терең меңгеру керек екенін ұлыма ақыл ретінде айтып отырмын, -дейді  Советбек Ясынбекұлы.