Қызылағаш ауылында «Кітапхана түні» жобасы аясында шара өтті

Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қызылағаш ауылдық кітапханасында «Кітапхана түні» жобасы аясында     «Бір ел-бір кітап» акциясына орай қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтын шығармалары насихатталды.

Іс-шара мақсаты ауылымызда демалып жаткан, қаладан келген балалардын және ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдалану,кітапхананын түнгі әлеміне оқырман жеткіншектер шақырылып, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби қонақжай өтті.

Аталмыш шарада кештің жүргізушілері қала қонақтары Бейбітқызы Нұрай өмірі және шығармашылығымен таныстырса, Бауыржанқызы Айзере «Қожа фильміне кейіпкерлер қалай таңдалды» деген қызықты деректермен таныстырды. Кеш қонактары Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша оқығандары туралы ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

Кітапханада қойылған тұракты кітап көрмесіне библиографиялық шолулар жасылып, жазушының шығармашылығынан ұйымдасырылған викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болды.

Кеш соңы қызықты ойындарға ұласты. Кітаптар әлемінде сәттілік тілей отыра «Кітапхананың куні де. түні де жарық болса, нұр үстіне нұр »

Кызылағаш аулының кітапханашысы:                                                               F.Койшыбекова