Сәкен Сәтпековтің төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті

Screenshot

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Сәтпековтің төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Жарма ауданы бойынша ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсатта пайдаланылуы және игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары, Жарма ауданындағы білім беру мекемелерінің 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығы және ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, 2024 жылы арнаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы және аудандық мәдениет үйінің және ауылдық клубтардың 2024-205 жылдың қысқы мерзіміне дайындық барысы туралы баяндамалар тыңдалып, ақпараттар берілді.

Жиын барысында өңір бойынша айтулы мәселелерге қатысты бірқатар жұмыс барысы  пысықталып, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.