Шар қаласында еркін күрестен 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасындаағайынды Ғалиев Жұмажан және Ғалиев Сәбит пен Ғалиев Рүстем Сәбитұлын еске алуға арналған ІV ашық облыстық турнир өткізілді.
Спорттық шараға облыстық бірнеше аудан, қалаларынан 100-ден астам жас спортшылар қатысып, боз кілем үстінде бақтарын сынады. Үздік деп танылған жас балуандарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен арнайы кубок табыс етілді.