Жәрмеңке ұйымдастырылып, күздік лотерея ойнатылды

25 ҚАЗАН- Республика  күні мерекесінде  Қалбатау ауылының орталық алаңында аудандық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен тұрғындар арасында күзгі лотерея билеттері ойнатылды. Шараға жиналған тұрғындар жалпы мерекелік шараларда ұтыс ойнына ерекше қызығушылық танытып қатысады.

Бұл күзгі лотерея ойынында ұтысқа  қой, жем, көмір, үй құстары картоп, отын, сары май, құрт және басқа тұрмысқа қажетті заттар қойылды. Бақтарын сынап, қатысқан ауыл тұрғындарының арасында ұтысқа тігілген  қойды Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушысы Ислам  1 қап   жемімен бірге  ұтып алды.

Ал мереке күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ет-сүт, көкеністер мен жем-шөп тағы басқа да өнімдер нарықтағы бағадан 10 пайызға арзан саудаланды. Өңірде дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын бұндай жәрмеңкелер Қалбатау ауылымен қатар, Әуезов кентінде де ұйымдастырылды.