Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде баспана кезегінде тұрған отбасыларға 2 пәтерлі 10 үйдің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев құттықтап, игі тілегін білдірді.
Жалпы жыл соңына дейін ауданның Бірлік ауылы мен Шар қаласында және Қалбатау ауылында жаңа пәтерлердің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Өңір бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 600 ден астам адам бар. Алдағы уақытта да ауданда баспана салу жұмыстары жалғасады.