Аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев сейсенбі күні Әуезов кенті мен «SHARСEM» ЖШС цемент зауытына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Әуезов кентінен басталған сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылап, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан басшысы кентті аралау кезінде әлеуметтік маңызы бар нысандар мен мектеп, балабақша, Мәдениет үйі және салынып Спорт модулінің жөндеу жұмыстарының жай күйіне зер салды. Ұстаздар қауымымен, мектеп оқушыларымен және Мәдениет үйінің қызметкерлерімен тілдесіп, ой бөлісті. Мекеме басшылары мен кент әкіміне бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін айтып, оларға сапалы қызмет көрсетуді және аудан мектептері арасында тәжірибе алмасу мақсатында бірлесе іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды .
Аудан әкімінің жұмыс сапары Шар қаласының іргесіндегі «SHARСEM» цемент зауытында жалғасты. Бүгінде цемент шығарумен айналысатын зауытта 300-ге жуық жұмысшы еңбек етіп отырған мекеменің жұмысымен танысқан аудан әкімі басшыларымен кездесті. Цемент зауытының жұмыс барысымен, атқарылып жатқан ауқымды істерімен танысып, пікір алмасты. Аудан әкімі сөз соңында өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпалы зор зауыт, кәсіпорындармен бірлесе еңбек ету мақсатында жұмыс сапарлары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.