Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қарттарды құрметтеді

Мейірім шуағы төгілген күн

Қарттар күні мерекесіне орай Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы осы мекемеге қарасты үй жағдайында қарттарға  «Қарттарым аман сау жүрші» атты көгілдір от кешін ұйымдастырып, мейірімге толы шара өткізді.

Жалғызілікті қариялардың жүздері күлімдеп, орталықтың әлеуметтік қызметкерлер ұйымдастырған шара барысында мерекелік құттықтауларын білдіріп, қуаныштарымен  бөлісті.

« AMANAT»  аудандық филиалының атқару хатшысы Жанна Садыкова,  орталық директоры Кұрма Тулеубаева мерекелік шараға жиналған қазыналы қарияларды құттықтап, ақ тілектерін білдірді.

Орталық ұжымының қызметкерлері ардагер ата апаларға ақ дастархан жайып,  өнерлерін ортаға салды. Бір сәт мереке қуанышын сезінген қариялар да ризашылықтарын жеткізіп, өлең-жырды шабыттана оқыды.

Шараны ұйымдастырып отырған орталықтың әлеуметтік қызметкерлеріне де алғыстарын жаудырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған тамаша кешті әдемі тілектерімен қорытындылады.

Қазыналы қартына қашанда құрмет көрсетуді парызым деп санайтын қазақ халқының игі қасиетін көрсете білген әлеуметтік қызметкерлер ардагер аға буын өкілдеріне осылайша құрмет көрсетті.

Кәусар Арықханқызы.