ЖАРМА АУДАНЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨЗЕГІ -АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫ

 Биыл Жарма ауданында 5 231 гектарға дәнді дақылдар, 5 735 гектарға майлы дақылдар, 450 гектарға күнбағыс, 10 гектарға әртүрлі көкөніс дақылдары, 30 гектарға бақша дақылдары отырғызылған. Бүгінде күзгі жиын-терін жұмыстары ойдағыдай аяқталады деп жоспарланып отыр.Осы орайда дауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімнің басшысы Гүлназ Абишевамен сұхбаттасқан едік.

Биылғы жылы ауданда егіншілік қалай болды, егістіктік науқаны ойдағыдай болды ма?

— Биылғы күз ырысын мол берді, ысырап жоқ. Топырақ та құрғамады, құрғатар қуаңшылыққа да ұрынбадық. Ең бастысы, қап-қап бидайымыз қар астында қалмады. Майлы дақылдардың 50 пайызы орылды. Әр гектардан түсетін орташа өнім көлемі 10,0 центнерден айналуда. Дәнді дақылдардың 5 231 гектарынан  орташа түсімділік 9,8 центнерді құрап, 5 130 тонна өнім жиналды. 10 гектардан 198 тонна көкөніс, 30 гектардан 720 тонна бақша дақылдары алынды. Сүрлемге 450 гектардан 3 300 тонна күнбағыс бастырылды.

Жалпы аудан тұрғындарының негізгі кәсібі — мал шаруашылығы, биылғы жылғы ірі қара мал басының өсімі қандай?

Ауданда 9 айлық есептік көрсеткіш бойынша ірі қар мал 92 875 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 124 пайызға, ұсақ мал 213 196 басқа жетіп, 114 пайызға артса, жылқы 50 463 басты құраған. Мемлекет ауыл тұрғындарының кәсіп ашып, табыс табуына барынша қолдау көрсетіп жатыр. 2023 жылдың шілде айынан бастап «Ауыл Аманаты» бағдарламасы әзірленіп, оның аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашып, дамытуға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие ала алады.  Жоба кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыруды көздейді. Осы бағдарламамен 2023 жылы Жарма ауданы бойынша 52 отбасына 301 млн теңге бөлінді. 1 наубайхана ашылып, 395 бас ірі қара мал, 595 бас ұсақ мүйізді мал, 204 бас жылқы сатып алынып, бөлінген қаражат толығымен игерілді. Ереже бойынша 52 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бүгінгі күнге кәсібін жалғастыруда. Ал 2024 жылға ауданға қаражат бөлінбеді.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасының игілігін көріп отырған аудан тұрғындары туралы не айтасыз?

-Бағдарлама аясында Бірлік ауылының жеке кәсіпкері Мәсәлән Сарқыт 16 бас ірі қара мал, жеке кәсіпкер Сәдібек Дүйсенбек 10 бас бие, Қапай Батыр ауылының жеке кәсіпкері Шұғыла Нұргалиева 110 бас ұсақ мал сатып алыпты. Биыл сондай-ақ Жарма ауданының Шар қаласына қарасты «Дәурен» шаруа қожалығына Ресей Федерациясынан қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малдары әкелінген. «Ауыл Аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несиемен 16 бас ірі қара мал алып, сүт өнімдерін саудалап отырған тұрғындар бар. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға және отандық өнім үлесін көбейтуге үлес қосып жүрген  бағдарламаның қатысушысы Мәсәлән Сарқыт.  Жалпы Абай облысы бойынша 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 538 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына 6 аудан, оның ішінде 96 ауылдық округ енгізілді. 280 жұмыс орны ашылып, 210 жеке кәсіпкер тіркелген.

Өңірдегі шаруалардың қысқы мал азығын дайындау жұмыстары туралы айтып өтсеңіз?

Ауданда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары аяқталды. Қажетті 216,0 мың тонна шөптің орнына ағымдағы жылы 250,0 мың тонна шөп әзірленген. Бүгінгі күнге дайындалған шөпті қыстамаға тасу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар егістік егетін ауылдық округтерде 4,3 мың тонна сабан дайындалған.  Өткен жылы индустрияландыру картасына Бірлікшіл ауылдық округіне қарасты «Алтын қазан және К» ЖШС-нің майлы дақылдар өсіру және күнбағыс майын одан әрі өндіру жобасы және Божығұр ауылдық округіне қарасты «Ағайындар» шаруа қожалығы базасында күнбағыс майын және ет өнімдерін өндеу жобалары енгізілді. Жобаларды жүзеге асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар аралығы. Қазіргі таңда жобаға сәйкес жер телімдерін алу және игеру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр «Іскер» бағдарламасы шеңберінде аграрлық несие корпорациясы арқылы 174 млн. теңгенің 31 жобасы қаржыландырылды. Өткен жылы 617,4 млн. теңгені құрайтын 137 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылса, биыл ауданның техника паркі 49 жаңа тракторлармен, шөп дайындауға, егістік егуге қолданатын әртүрлі тіркеме техникалармен толықтырылды.

Сұхбатыңызға рахмет!