Қалбатау мен Жаңаөзен ауылдарында 14 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жалпы соңғы жылдадры өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, баспана кезегінде тұрған көптеген отбасының үй алу мәселесі оң шешімін тауып отыр.Халық игілігіне берілген тұрғын үйлерге қоныс тепкен тұғындардың қуанышымен біз де бөлісіп қайттық.
Жиыны 14 пәтердің кілті Жарма ауданындағы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға табыс етілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің мінетін атқарушы Сәкен Сәтпеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі. — Халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамту мақсатында ауданымызда тұрғын үйлер көптеп салынуда. Биылғы жылы Жарма ауданында тұрғынүй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 45 екі пәтерлі тұрғын үй яғни, 90 пәтерді сатып алу жоспарланып отыр.
Соның аясында бүгінгі таңда Абай облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына аудандағы бірқатар елді мекендерден тұрғын үй сатып алуға жалпы көлемі 1 514 000,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат бөлінген болатын.Бұл орайда әуелгі кезекте аудан орталығы назарға алынды. Атап айтсақ, Қалбатау ауылынан жиырма екі пәтерлі үй сатып алу көзделген болатын.Осылайша, жалпы ауданы 3370 шаршы метр тұрғын үй сатып алуға 674 000,0 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 522 200,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 151 800,0 мың теңге бөлінді. Жалпы, аудан орталығында тұрғын-үй құрылысы бұрынғы жылдарға қарағанда біршама қарқынды екенін айта кеткен орынды. Осы сәтті пайдалана отырып, баспаналы болып жатқан барлық жерлестерімді құттықтаймын. Отбасылық бақыт, мықты денсаулық,- тілеймін деді Сәкен Сәтпеков.
Жаңа пәтерлердің барлығы жарық әрі еңсесі биік. Аулалары кең, қосалқы құрылыс нысандарымен де қамтамасыз етілген, барлығына ақылды пеш қойылып, жағдай жан-жақты жасалған.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар мен қуанышты шараға жиналған көпшілік қауым аулаларына ағаш отырғызып, «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты. Айта кетейік, аудандағы тұрғындар саны мол іргелі елді мекен Шар кентінен жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын он бес екі пәтерлі тұрғын үйді сатып алуға жалпы сомасы 504 000,0 мың теңге бөлінген. Бұл ретте құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар Бірлік ауылынан жалпы ауданы 504 шаршы метрді құрайтынүш екі пәтерлі тұрғын үй сатып алуға 100 800,0 мың теңге, ал, Жаңаөзен ауылынан 336 шаршы метр болатынекі екі пәтерлі тұрғын үй сатып алуға, 67 200,0 мың теңгеніңқаражаты берілген. Мұнымен қоса, Жаңғызтөбе ауылынан жалпы ауданы 840 шаршы метр болатынбес екі пәтерлі тұрғын үй сатып алуға 168 000,0 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 134 400,0 мың теңге, ал, облыстық бюджеттен 33 600,0 мың теңге бөлінді. Енді тек құрылысы аяқталған үйлерді мердігер мекемелерден сатып алу ғана қалып тұр. Алдағы уақытта да ауданда тұрғын үй салу мәселесі оң шешімін тауып, баспана кезегінде тұрған аудан халқының жаңа қонысқа ие болар қуанышы алыс емес екеніне сенеміз.