Аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев кезекті жұмыс сапарымен өңірдің бірқатар ауылдары мен елді мекендерін аралап, тыныс тіршілігімен танысты. Апта басында Қоңырбиік, Қарасу, Салқынтөбе, Үкілі, Терістаңбалы, Ұзынжал, Суықбұлақ,Әуезов кенті мен Шалабай, Жайма ауылдарында өткен халықпен кездесу барысында округ әкімдерінің 9 ай көлемінда атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жалпы аудан әкімі әрбір ауылдық округтер мен елді мекендерде өткен кездесуі барысында жұмыс сапарының басты мақсаты –тұрғындармен тілдесе отырып, өзекті мәселелерге зер салу екенін айтып өтті.
Аудан әкімінің бірқатар ауылдық округтер мен елді мекендерді жұмыс сапарымен аралау барысында аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары мен әр саланың басшылары және жауапты мамандар даауыл халқымен өткен кездесулерде болды.