Аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев өткен аптада тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдап, сауалдарына жауап берді . Әр аптаның жұма күні өткізілетін қоғамдық қабылдауда тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Атап айтар болсақ, әлеуметтік мәселелер мен баспана алу, апатты жағдайдағы үй жайы туралы және тағы басқа сауалдарымен жүгінді.
Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған өңір басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.
Жалпы қоғамдық қабылдауда көтерілген барлық мәселелердің бақылауға алынатындығын жеткізген аудан әкімі, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Өз тілшіміз.