Жармада Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті

Іс – шараға аудан әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы қатысып, барша көрерменді мерекемен құттықтады.

Шара барысында тілдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар табыс етілді.

Концерттік бағдарламаға ұласқан мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән күйлерімен жалғасын тапты.