Жүзі мейірімге толы мейірбике

Мейірбике – науқастың саулығына дәрігер мен бірдей жауапкершілікпен қарайтын денсау лық жанашырының бірі. Кез келген ақ халатты абзал жан емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жау апкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Саналы ғұмырының 40 жылын осы салаға арнаған мейірбике Мухатаева Алтынай Толымханқызы бүгінгі күні балалар денсаулығы ның сақшысы. Жүзі мейірімге толы мейірбике қазіргі таңда Абай атындағы көпсалалы мектеп интернатында және Жарма аудандық аумақтық әлеуметтік ор талықта қызмет етеді. Еңбектің ерен үлгісін көр сетіп келе жатқан Алтынай Толымханқызы:

-Дәрігер болу –бала күнгі арманым деп айта алмаймын. Мектеп бітіріп, қалаға келген соң ақ халат киген студенттер жүрген медициналық училищенің алдынан өтіп бара жатқанда қы зығушылығым арта түсті. Бірден ойлана келе құжатымды тапысырып, мен де Семей қала сындағы осы оқу орнына түсіп кеттім. Меди цина саласын таңдағаныма өкінбеймін, 40 жыл еңбек етіп, биыл тамыз айынан зейнеткерлікке шықтым. Әзір жұмысымды жалғастырып отырмын, -дейді.

Балалардың ортасында үнемі жымиып жүретін, әр баланың еркелігін көтере білетін, ма мандығына жан тәнімен берілген Алтынай апай ды айналасындағы әріптестері де құрметтейді. Ол кісі 1963 жылы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылында дүниеге келген. Мектепті де сол ауылда бітіреді. Отбасындағы алты ағайынды ның тұңғышы.

1984 жылы Семейдің медучилищесін бітір ген соң, Жарма аудандық орталық ауруханада алғаш еңбек жолын бастайды. 10 жылдан астам уақыт Жарық ауылында мейірбике, 1999 жылы Қалбатау ауылындағы Абай мектебінде, 2002 жылы аталған мектептің жанынан ашылған ин тернатта медицина қызметкері болып жұмыс істейді. Қызметіне қосымша аудандық әлеумет тік орталықтағындағы мүмкіншілігінде шектеуі бар балалардың мейірбике мамандығын қатар алып келеді. -Балалардың бәрі бірдей, алдыңа аздап сы рқаттын келсе қабақ шытпай қарсы аласың. Еркелете сөйлеп, ем-домын бересің. Интернат оқушылары да, әлеуметтік орталықтың балала рын да бөліп-жармай қарау –басты міндетім, зор жауапкершілік. Мамандығымды жақсы көремін, -дейді Алтынай Толымханқызы. Мамандығына махаббаты зор мейірби кенің, балаға жақсы қарым-қатынас көрсетудегі еңбекқор жанның мол тәжірибесі жас маман дарға үлгі болар іс деп білеміз .