Кітап-рухани азық
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 20 қыркүйек күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын – «KitapTime – 24» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.
Айтулы шараның мақсаты – кітапты насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту көркем әдебиетке деген құштарлығын , өскелең ұрпақтың рухани – адамгершілік білімін арттыру.
Фестивальдің ашылу салтанаты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Әлімханқызы Асанованың құттықтау сөзімен басталды.
Фестиваль аясында кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды, тұрақты оқырмандарымыз Дукумбаева Казина Асылғазықызы мен Қасенов Ғалымбек Қажанұлы өз қорларынан барлығы 480 дана кітап кітапханаға тарту етті. «Алаш ордасы», «Абай жолы» кітапханасы, «Ертегілер қалашығы», «Жаңа кітаптар назарыңызда», Төлеу Көбдіковтің 150-жылдығына арналған бірқатар кітап көрмелері қойылды. «Шабыт » шығармашылық орталығының жас ақыны Кенжебаева Жамилия арнауын оқыды. Сонымен қатар ауданымыздың «Маяковский орта мектебінің» оқушылары «Кел, досым кітапханаға» атты әнге флешмоб биледі, «Өнер мектебінің» шәкірттері домбырада, скрипкада өз өнерлерін көрсетті, қолөнер шеберлері мен суретшілер алаңы ұйымдастырылды.
Кітап – білімнің бұлағы, ақылдың қайнар көзі. Бұл – еш уақытта өзгермейтін шындық. Шара соңында «Кitap — Time» фестивалінің қатысушылары алғыс хаттармен марапатnалып, естелік сыйлықтар табыс етілді.