Жарма ауданында бүгінде кәсіпкерлікке ден қойғандардың қатары артқан. Соның ішінде, шағын және орта бизнес саласындағы көптеген қыз-келіншектер жоғары жетістікке жетіп жүр. Оған мемлекет тарапынан қабылданған түрлі қолдау бағдарламалардың көбейіп, адамдарды кәсіпке баулу мен нәтижелі еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстың жолға қойылуы да әсер етуде.
Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қайтарымсыз гранттың облыстық, аудандық иегері Какенова Зухра Какенқызы Қалбатау ауылында «DAMDI KZ» атты жартылай дайын өнім шығаратын цех ашты. Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығынан «Тануки» шағын дәмханасын іске қосып, суши, пицца, донер, бургер мен шығыс тағамдарын тұтынушыларына ұсыну арқылы танымал болған Зухра кәсібін ұлғайтып, цех жұмысын жандандырып отыр. Бұл бизнесті бастағанына санаулы ай уақыт ғана өтсе де кәсіпкердің жартылай өніміне сұраныс жоғары.
Өнімдерін нарыққа шығаруға рұқсат етілген арнайы сертификаты бар шағын цехында тұшпара, манты, котлет, ірімшік таяқшалары мен тағы басқа да 20 түрлі өнімдер дайындалады. Өндіріс орнында 4 адам жұмыспен тұрақты қамтылған. Айта кету керек, шағын цехте дайындалатын өнімдер қазіргі уақытта Павлодар, Семей қалалары мен Ақсуат, Көкпекті аудандарына және ауданның бірнеше ауылдық округтеріне жөнелтіледі. Бағасы қол жетімді, табиғи таза өнімнен әрі дәмдеуіш қоспасыз жасалатын жартылай дайын өнім қазі Тек қана дайын дүниені үйге барып, пісіре саласың. Сондықтан да бұл өнімдерге сұраныс жоғары дейді. шағын цехында түшпара, манты самса, жайма және басқа да 15 түрлі өнімдер дайындалады.
Қазіргі уақытта жартылай фабрикатты өнімдер өте ыңғайлы, отбасындағы уақытты тиімді пайдаланғысы келетін әйелдер қауымы барлық күшін сарқымай, дәмді әрі тез тамақтанудың жалғыз тәсілі. Ал Зухраның «DAMDI KZ» цехі тұтынушыларын қолжетімді өніммен қамтамасыз етіп отыр. Айта кету керек, кәсіпкердің цехінде дайындалған өнім ассортименттерімен ерекшеленеді.
-Жалпы қайтарымсыз грант иегері атанып, «Тануки» кафе жұмысын бастағанда тәжірибе алмасу мақсатында ресторан жұмысын жүргізу кәсібі туралы көптеген оқу семинарларда білімімді жетілдіріп, оқуларға қатысып жүрдім. Алған білім мен жинақтаған тәжірибенің арқасында өте келе кәсібімді ұлғайтып, осы цех жұмысын қолыма алдым. Ең алғаш біздің Абай облысы, шығыс өңірі бойынша ірімшік таяқашаларын дайындап, нарыққа шығаруды бастадым. Нәтижесі жақсы, сұраныс бар, басқа да түрлі жартылай фабрикатты дайындауды қолға алдық, -дейді Зухра Какенқызы.